jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Алматы көшесі
Алматы көшесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігінде орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 15 тамызға дейін көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуде. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Almaty Joly Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Сәтбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады.

"Сонымен, 14 тамыз сағат 08:00-ден 15 тамыз 20:00-ге дейін Достық даңғылынан Луганского көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі.

Айналма жол шығыс бағытта Құрманғазы көшесінің бойымен, ал батыс бағытта Интеграл және Инженерная көшелері бойымен жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Жөнделген учаскеде ескерту белгілері мен мердігер мекеме басшысының байланыс ақпараты бар стендтер ілінетіні хабарланды.

Еске салсақ, Алматы қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы, жол жұмыстарына байланысты Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағытта Күдерин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын хабарлаған еді.

Аталған аймақтағы қозғалыс шығысқа қарай, қарама-қарсы қозғалыс жолағында ұйымдастырылды.

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.