Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін майонез сатылды

Жарияланған күні:

Майонез
Майонез. Көрнекі фото: pixabay.com

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сай, таңбаламасы нормативті құқықтық актінің талаптарына сай келмейтін өнім қауіпсіз емес саналады.

ҚР "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Тұтынушы қауіпсіз және сапалы тауарды, сондай-ақ тауарлар, сатушылар, дайындаушыларға қатысты нақты ақпарат алуға, басқа да құқықтарын жүзеге асыруға құқығы бар.

Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру барысында, 2024 жылдың 3 шілдесінде "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алу әдісімен Атырау қаласы дүкендерінің бірінен дайындаушының атауы түрік тіліндегі HELLMANNS майонезі сатылып алынды, тауардың атауы түрік тілінде, салмағы 385 грамм.

Алынған өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына техникалық регламенттерге сай қауіпсіздіктің барлық талаптарына, соның ішінде Кеден одағының "Тағамдық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 021/2011, "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 және "Қаптама қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттерінің сәйкестігіне кешенді сараптама өткізу үшін тапсырылды.

Майонез
Майонез. Фото: Биятан Жанна

Ұлттық сараптама орталығының 04.07.2024 жылдың №247 сынақ хаттамасының мәліметтеріне сай, төмендегілер анықталды:

  • пайдалану жөніндегі ұсыныстар мен шектеулер көрсетілмеген.
  • қаптаманың көпқорғанысы үшін өңдеу әдісі көрсетілмеген.
  • жазба түрінде жазылған азық-түлік қамтамасының таңбаламасы Кеден одағына мүше-мемлекеттер заңнамасындаңы талаптарға сәйкестігінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік және орыс тілінде жазылуы керек.

Бұл майонездің таңбалауы шет тілінде көрсетілген.

Бұдан бөлек, 09.07.2024 жылдың № 317 (РО-24-24971) хаттамасының 8-тармағына сай, бұл өнімде өңдеу күні көрсетілмеген.

Соған байланысты материалдар техникалық регламенттерге сәйкестік белгілерін анықтау шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Сатушылар мен өндірушілердің жауапкершілігі

Кәсіпкерлердің өнімнің мемлекеттік және орыс тіліндегі таңбалауы бойынша заңнама талаптарын елемеуі заңдық салдарға әкелуі мүмкін. Қазақстанда мұндай бұзушылықтар үшін айыппұлдар мен басқа да санкциялар көзделген. Нақты емес немесе қаптамадағы толық емес ақпарат тұтынушыларды адастыру ретінде бағалануы мүмкін, бұл олардың құқығын елеулі түрде бұзу болып табылады, мысалы:

ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" кодексінің (ӘҚБК) 415-бабы 1-тармағына сай, техникалық реттеу саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуы, соның ішінде техникалық регламенттермен және нормативті актілермен белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді айналымға шығару – 90 АЕК-тен (332 280 теңге) 600 АЕК-ке дейін (2 2 15 200 теңге) айыппұлға алып келеді.

Бұл жасалған әрекет әкімшілік айыппұл салудан соң бір жыл ішінде қайталанса, онда айыппұл 135 АЕК-тен (498 420 теңге) 1 200 АЕК-ке (4 430 400 теңгеге), қызметті тоқтатумен немесе ондай әрекетсіз, өнімді тәркілеумен немесе тәркілеусіз жасауға апарады.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Биятан Жаннаның пікіріне сүйенсек, шет тілінде берілген тауардың таңбаламасындағы ақпарат жергілікті нарықтың мәдени және тұтынушылық ерекшеліктерін ескермеуі, жергілікті реттеу нормаларын бұзуы мүмкін (Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенті), бұл зерттеудің нақтылығына және өзектілігіне әсер етері анық.

Бұл жағдайда мемлекеттік және орыс тіліндегі мәліметтердің болмауы тауарға жан-жақты талдау жүргізуді қиындатты, демек өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты ештеңе айта алмаймыз.

Өнім туралы шет тілінде ақпарат беру біздің елдің тұтынушыларының мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат алу құқығын бұзады!

Сарапшы Еуразиялық экономикалық одақтың (бұрынғы – Кеден одағы) техникалық регламенттеріне сәйкес, Кеден одағына мүше барлық мемлекеттің техникалық регламенттері талаптары үдесінен шықпайтын тағам өнімін одақтың аумағында айналымға шығаруға жол бермеу жөніндегі барлық шараларды қолдануға, сондай-ақ оны айналымнан алуға міндетті екенін атап өтті.

Материал "Ақпараттық қызметтер көрсету арқылы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөнінде халықпен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу" әлеуметтік жобасы шеңберінде дайындалған.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739 немесе Инстаграм парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148535-atyrauda-tehnikalyq-reglamentterge-saikes-kelmeitin-maionez-satyldy/