jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттің 190 көшесіне "ақылды" бағдаршам жүйесі енгізіліп жатыр (видео)

Бағдаршам1
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкенттің 190 көшесінде көлік ағынын "ақылды" бағдаршам автономды түрде талдап, реттейтін болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жасыл шамның қай жерде және қанша уақыт жану керектігін құрылғылар өздері шешеді. Бұл кептелісті азайтуы тиіс, әсіресе қарбалас уақытта, қала кептелісте қатып қалған кезде.

Бағдаршамға орнатылған датчиктер көліктердің келе жатқанын болжай алады. "Ақылды" бағдаршамдардың әдеттегі түрлерінен еш айырмашылығы жоқ. Болашақта бағдаршамдарды жедел қызмет көліктерімен біріктіру жоспарланып отыр, бұл қажет болған жағдайда "жасыл" дәлізді жылдам құруға және құнды уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Көлік басқармасының өкілі Өмір Қалыбаевтың айтуынша, техникалық жаңашылдықа бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген.

"Бұл жүйе кешенді түрде жұмыс істейді. Ол осы қиылыстан келетін қозғалыс келесі бағдаршамда тоқтап қалмауы үшін деректерді басқа жол қиылыстарына жібереді. Бағдаршам деректерді адамның қатысуынсыз дербес анықтап, әрбір қиылыстың жұмысын реттеп отырады", - дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Қалыбаев.

Шымкенттің 190 көшесіне "ақылды" бағдаршам жүйесі енгізіліп жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.