Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"284 шымкенттік солтүстік пен шығысқа қоныс аударды": квотаны кімдер ала алады (видео)

Жарияланған күні:

Шабадан
Шабадан. Көрнекі фото: freepik.com

Биыл Шымкенттен қоныс аударғандар саны 284 болды, алда тағы 167 отбасы көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдеуінше, қоныс аударғандар Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарына тұрақтаған.

Жоғары білімін растаған 67 маманға сондағы медициналық ұйымдар, мектептер мен өрт сөндіру қызметінен жұмыс ұсынылды. Ал қалғаны шаруашылықпен айналысып, кәсіп ашқан.

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы аясында жыл соңына дейін тағы 167 отбасыны ерікті түрде көшіруге квота қарастырылған. Өтініш берушілердің білімін растайтын құжаты немесе оқуға деген ынтасы болуы тиіс. Сонымен қатар есепшоттары бұғатта болмауы керек деген талап қойылады.

"Жолдың шығынын өтеп беру деген сияқты жеңілдіктер бар. Соған байланысты ұоныс аударып жатқандардың саны да өсіп жатыр. Бізге делегаттар әр өңірден 2 ай сайын келіп отырады. Халықтың бірінші сұрайтыны – тұрғын үймен қамтамасыз ету қалай болады, жұмыс туралы сұрайды және де қарастырылатын қандай да бір кәсіпкерлік бастамаға қандай жеңілдік бар, сол жағын сұрайды", - дейді қалалық мансап орталығы "Өңіраралық жұмыспен қамту" бөлімінің басшысы Әлібек Сманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149254-284-shymkenttik-soltustik-pen-shygysqa-qonys-audardy-kvotany-kimder-ala-alady-video/