jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады

Оқушы қыз
Оқушы қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана мұғалімдерінің тамыз конференциясында жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ғани Бейсембаев алдағы оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың бірқатар ерекшелігін атап өтті.

"Міндетті білім берудің жаңа мемлекеттік стандартының қабылдануына байланысты 2026 жылдан бастап жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр. Білім беру сапасын арттыру мақсатында ауылдық тірек және шағын ұжымдық мектептерде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда", - деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, білім беру аудандары құрылып, көрсеткіштері төмен мектептерді атаулы қолдау шаралары қабылданады.

"Жаңа оқу жылынан бастап "Цифрлық мұғалім" жобасы шеңберінде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылармен жұмыс жандандырылмақ. Ауқымды цифрландырудың арқасында біз ең шалғай ауылдардағы оқушыларға еліміздің үздік мұғалімдерінен оқу материалдары мен сабақтар алуға мүмкіндік бере аламыз.

Бұл тәжірибе Ақтөбе облысында пилоттық режимде жүзеге асырылды", - деп түйіндеді министр.

Қазақстанда жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.