jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Мемлекет басшысы Үндістан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Драупади Мурму
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Драупади Мурму. Фото: t.me/ aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президенті Драупади Мурмуға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмуды Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Президент Үндістанның елеулі экономикалық жетістіктерін, әлемдегі бейбітшілікті нығайту және орнықты даму ісіндегі рөлін атап өтті.

Сонымен қатар екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген ұзақмерзімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді", - делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Үндістан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.