jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Air Astana тағы бір ұшаққа зақым келгенін хабарлады

ұшақ эйр астана11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Air Astana компаниясы ұшақтардың бірін сүйрету кезінде шассидің тұмсықтық тірегіндегі бекітпе зақымданғанын, салдарынан рейс кешіктіріліп, артынша тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы компанияның Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсықтық тірегіндегі бекітпе зақымданған. Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін баламасыз тоқтатылды. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды", - делінген хабарда.

Компания мәліметінше, жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданған. Алайда елорда әуежайының түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания айдау рейсін 19 тамызға қалдыруға мәжбүр болған.

"Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа ондаған рейстердің кешігуіне әкелгенін атап өту қажет", - делінген хабарда.

Еске сала кетейік, 13 тамызда Air Astana-ның Алматы-Бейжің рейсіне дайындық кезінде әуе кемесінің есігі тамақтандыру құрылғысынан зақымдалып, рейс тоқтатылған болатын.

Астана әуежайының операторы FlyArystan компаниясына тиесілі ұшақтардың біріне зақым келтірген еді.

Air Astana компаниялар тобы 5 тамызда Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтіргенін, соның салдарынан ұшақтың бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылғанын хабарлады.

Air Astana тағы бір ұшаққа зақым келгенін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.