jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Құрбан шалған": Түркістан облысында көне ғибадатхана табылды (видео)

Көне ғибадатхана
Көне ғибадатхана орны. Видеодан скриншот: youtube.com/@tvotyrar

Түркістан облысында археологтар ғибадатхана тапты. Мұнда сондай-ақ тастан жасалған құралдар мен рәсімдерді орындауға арналған көптеген бұйым да шыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке слітеме жасап.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
close
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Түркістан облысында археологтар көне кангюй дәуірінен қалған тас ғибадатхана тапқан, онда құрбандық шалу рәсімдері өткізілген.
  • Ғибадатханадан керамикалық ыдыстар, темекі тартқыштар, диірмен тастары мен астық үккіштер табылған, сондай-ақ жануарлар бейнеленген жәдігерлер де кездескен.
  • Профессор Александр Подушкиннің айтуынша, бұл табылған ғибадатхана кешені Кангюй мемлекетінің сенімдері мен рәсімдері туралы маңызды ақпарат береді және қазақстандық ғылым үшін үлкен жетістік болып табылады.

Телеарнаның сайтында хабарланғандай, түркістандық археологтар тарихи нысанды тапты. Бұл тас ғибадатхана бірнеше бөлме мен дәлізден тұрады. Көне жәдігер кангюй дәуіріне жатады дейді мамандар. Сол кезеңдегі адамдар мұнда құрбандық шалған көрінеді. Ғибадатханадан керамикалық тостағандар, темекі тартқыштар, диірмен тастары мен астық үккіштер табылған. Шошақтөбе ғибадатханасы-ғалымдар үшін үлкен қазына болып отыр.

Профессор Александр Подушкиннің айтуынша, ғибадатхана Кангюй мемлекетінің сенімдері мен рәсімдері туралы түсінік береді. Мұндағы кейбір жәдігерлерде кесірткелердің, қошқарлардың, тіпті азиялық мүйізтұмсыққа ұқсас жануарлардың кескіні бейнеленген. Сондай ақ, ғибадатхана маңайынан мыңдаған қыш ыдыс табылған.

"Біз мұнда ежелгі жәдігерлерді зерттеп жатырмыз. Әзірге мұнда қандай рәсімдер орындалғаны түсініксіз, дегенмен егіншілік атрибуттары жойылған кезде бәрін анықтаймыз. Мұнда көптеген құнды заттар бар. Менің ойымша, мұның барлығы ежелгі дәстүрмен байланысты", - дейді Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры Александр Подушкин.

Ғибадатхананың жанынан бірнеше қорым да табылған. Мұнда отбасы мүшелері мен оларға тиесілі болған әшекейлер, және ас үй ыдыстары жерленген. Бұл — адамдар ғасырлар бойы өмір сүріп, құдайларына дұға еткен біртұтас кешен болған дейді археологтар.

"Бұл жерлеу орындары сол заманның өзінде көп тоналған. Бір емес, бірнеше рет тоналған. Тоналған кезде сүйектер жан-жаққа шашылады. Дегенмен кей бұйымдар қалып қояды. Көріп тұрғандарыңыздай, бұл — алибастр. Сол кездегі адамдарда қолданған заттарды о дүниеге барғанда қолданады деген сенім болған және бірге қойып жерлейтін болған", - дейді археолог Гүлмира Стамқұлова.

Археологтардың айтуынша, бұл аумақтағы зерттеу жұмыстары бірнеше жылға созылады. Ал Кангюй мемлекеті кезеңінің артефактілері, әсіресе ғибадатхана кешені мен жерлеу орындары сияқты нысандар – қазақстандық ғылым үшін үлкен жетістік. Табылған барлық жәдігер Республикалық орталық мемлекеттік мұражайына беріледі.

"Құрбан шалған": Түркістан облысында көне ғибадатхана табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.