Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтын олжа: Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топ құрды деген үш бірдей елдің өкілдері сотқа берілді

Жарияланған күні:

Алтын құймалар
Алтын құймалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топ құрды деген күдіктілер сот алдында жауап берді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ақмола облысында 2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген 12 адамға – Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Жалпы шығын мөлшері 250 миллион теңгеден асты.

"Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ "жер қойнауын геологиялық зерттеуге" лицензия алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан. Көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысты деген күдікпен трансұлттық топ ұсталғаны туралы жазған едік.

Олар ұзақ уақыт бойы республика аумағында бағалы металдардың заңсыз айналымын жүзеге асырған. Бұл туралы департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Теміржан Рамазанов хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150925-altyn-olzha-qazaqstanda-transulttyq-qylmystyq-top-qurdy-degen-ush-birdei-elding-okilderi-sotqa-berildi/