jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар Конституция күніне орай қалай демалады

Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Видеодан кадр: YouTube/Тұңғыш президент кітапханасы

Тамыз айында барша қазақстандық Конституция күнін тойлайды. Осы орайда 30 тамызда ел тұрғындары демалыс алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мереке және демалыс күндер күнтізбесіндегі ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы 30 тамыз Конституция күні жұмаға сәйкес келеді. Сол себепті ел тұрғындары бұл күні демалады.

Биыл қазақстандықтар демалыс күндерін қосқанда үш күн қатарынан – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады.

Еске салайық, 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын.

29 жылда еліміздің Конституциясына 6 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл күні еліміздің барлық облысы мен қаласында дәстүрлі түрде жаппай мерекелік шаралар мен концерттер өтеді. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады.

Қазақстандықтар Конституция күніне орай қалай демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.