jitsu gif branding logo appbranding logo app

Енді ата-аналар баласын басқа мектепке онлайн ауыстыра алады

e.Gov платформасы
e.Gov платформасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде енді ата-аналар мен заңды өкілдер eGov.kz арқылы баланы онлайн режимінде басқа мектепке ауыстыра алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ электронды үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.

"Мектепті тек шағын учаскеде ғана емес, сонымен қатар оның қалауына сәйкес келетін жағдайда оның шекарасынан тыс кез-келген басқа жалпы білім беретін ұйымды таңдауға болады. Мектепті таңдағанда қол жетімді оқу тілі көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарының, жеке істі берудің қажеттілігін жояды. Сондай-ақ, өтініш беруші қажет болған жағдайда берілген өтінімді кері қайтарып ала алады, дейді мамандар.

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Білім" бөліміне өтесіз;
  • Тізімнен "Орта білім" бөлімін таңдап, "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдауды" таңдайсыз;
  • Қажетті жолдарды толтырып, өтінімге қол қоясыз;
  • Қызмет нәтижесімен жеке кабинетте танысуға болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.