Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте әлеуметтік осал топқа арнап салынған үйлер адам тұрғысыз күйге түскен (фото)

Жарияланған күні:

тұрғын үй
Пәтер. Фото: KAZ.NUR.KZ

Үй кезегінде тұрған шымкенттіктерге Тұран шағын ауданынан берілген үйлер иесі көшіп келмей жатып қирап жатыр. Пәтер кілттері бұқараға бір ай бұрын табысталған. Бірақ жүзден астам отбасы көптен күткен үйіне әлі күнге дейін көшіп келе алмай жүр. Өйткені су жаңа үйдің есік-терезелері сынып, тұсқағаздары жұлынып, қабырғасы көгеріп кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Шымкенттегі Тұран шағын ауданындағы әлеуметтік осал топқа арналған жаңа үйлер тұрғындар көшіп келмей жатып қирап жатыр.
  • Үйлердің есік-терезелері сынған, тұсқағаздары жұлынған, қабырғалары көгерген, сондай-ақ лифт, жарық және ыстық су жоқ.
  • Мердігер компания өкілі Ғани Жұмабаев кемшіліктердің барлығы түзетілетінін айтқан, ал әкімдік өкілдері нақты мерзім көрсетпей уәде берген.

Шымкентте 10 жылдан бері үй кезегіне тұрып, жақында пәтер иесі атанған мүгедектігі бар жан несиеге алған үйінің ішін көрсетті.

"Он жылдан бері үй кезегінде тұрдық. Содан мемлекеттен баспана несиемен ғана берілетінін айтты. Амалдың жоғынан оған да келістік. Енді жап-жаңа деген баспанамызды қарасақ бүтін жері жоқ. Мына жерде өмір сүрудің өзі қорқынышты ғой. Тұсқағаздың барлығы ашылған. Терезелер сынық. Есіктерінің бәрі талқандалып кеткен. Екі бөлмелі осы пәтерді 12 миллионға алдық. Ай сайын 67 мың теңге төлейміз" - дейді мүгедектігі бар деген статуспен баспаналы болған отбасының мүшесі.

пәтер
Пәтер. Фото: KAZ.NUR.KZ

Көпқабатты баспана әлеуметтік осал топтарға табысталған. Банк арқылы пәтер кілттерін көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған жанұя мүшелері алған. Солардың бірі Пердегүл Арыстанова. Бұл үйге алты балалы келіні үй кезегінде тұрып қол жеткізген. Қуаныштан алғашқы айдың ақысын да төлеп үлгеріпті.

"Қуанышымыздан қорқынышымыз көбейіп кетті. Мектеп жасындағы балалар кіріп-шығып жүріп бір күнде мынаны жоқ қылатын сияқты. Мысалы унитаздың өзі отырмай жатып сынып жатыр. Қылтылдап тұр. Шыдас бермейді-ау. Жаңарту үшін тағы 3-4 млн керек", - дейді Пердегүл Арыстанова.

іргетас
Үйдің іргетасы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ашуға булыққан тұрғындар арызын айтып әкімдік өкілдерін де шақыртыпты. Олармен қоса мердігер компания өкілдері де келді. Сөздерінше үйде ешкім тұрамағандықтан осындай күйге түскен.

пәтер
Пәтер. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл үйдің бітіп қойғанын екі жыл болған. Екі жылда жылу болмаған. Ешкім тұрмағасын бәрі ісінген. Ол кемшіліктің бәрі мердігер тарапынан істеліп беріледі жақын арада. Неге ондай үйді тұрғындарға беріп жатырсыздар десеңіз, оны банк берген. Біз кемшіліктерді істеп береміз", - дейді "Гранд мастер" компаниясының өкілі Ғани Жұмабаев.

үй
Тұрғын үй. Фото: KAZ.NUR.KZ

Көпқабатты үйдің қазір не лифті, не жарығы, не жылы суы жоқ. Жылу құбырлары да құлауға шақ тұр. Бұның бәрін қалыпты жағдай деп таңырқамаған әкімдік өкілдері кемшілікті жуық арада түзетеміз деп уәде берді. Алайда мерзімін нақтылап айта алған жоқ.

Автор: Назерке Еркінбекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151355-shymkentte-aleumettik-osal-topqa-arnap-salyngan-uiler-adam-turgysyz-kuige-tusken-foto/