"Қолын белбеумен байлаған": СҚО-да әкім наркологқа жеткізіліп, қамауға алынды
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық округтің басшысы екі қолы белдікпен байлаулы күйі медициналық тексеруден өту үшін наркологқа жеткізілді. Шенеунік әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Петропавлдағы ауылдық округ әкімдерінің бірін патрульдік полиция қызметкерлері түнде қызметтік көлікті жүргізіп келе жатқан кезде тоқтатқан. Тәртіп сақшылары әкімді аздап мас болған деп күдіктенген.
Полицейлер оның қолын белбеумен байлаған күйі наркологқа медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеп апарған.
"Медициналық сараптама тәртібі бойынша психоактивті заттар қолданғанын және масаң күйін анықтау міндетті болып саналады. Куәландыруға қарсылық білдірген адам кінәлі болып есептеледі. Қолдағы бейнематериалдарда нарколог дәрігердің әкімге осының бәрін түсіндіріп жатқаны анық көрсетілген. Оның сараптамадан бас тартуы – орта деңгейдегі масаң күймен теңестірілді", - деді судья Динара Рахимберлина.
Шенеуніктің өзі түнде сол маңды аралап, көше жарығын тексергенін айтады.
Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынып, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ер адам өзін қорқытқанын айтып, шағымданған. Алайда шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Бұл ретте жергілікті тұрғындар әкім туралы оң пікір білдірген.
"Біз бұл шешіммен түбегейлі келіспейміз, ол әрқашан қамқор, тәрбиелі, ақылды", - деді әйелдердің бірі.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151814-sqo-da-akim-qoly-belbeumen-bailauly-kuii-narkologqa-zhetkizilip-artynsha-qamauga-alyndy/