Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өрт: іс сотқа қашан жіберілетіні айтылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Хостелдегі өрт
Хостелдегі өрт. Фото: KAZ.NUR.KZ / Ардақ Құлтай

Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өрт ісі жақын арада сотқа жіберіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жиын барысында қоғам белсенділерінің бірі оған "кінәлілер жазадан құтылып кете ме" деп алаңдаған марқұмның ата-анасы хабарласқанын айтты.

Ал әкім құқық қорғау органдары тергеуді аяқтағанын атап өтті. Оның сөзін Алматы прокуроры Серік Кәріпбеков растап, іс айдың соңына дейін сотқа жіберілетінін, қазір іспен танысу жүріп жатқанын айтты.

Сондай-ақ Алматылық тұрғын "Ғимарат иесі мен аудан әкімі неге жауапкершілікке тартылмайды?" деп сұрады.

"Бәрі заң бойынша болуы керек. Кім хостелді салды, сол жауап беруі керек. Мысалы, сізде жылжымайтын мүлік бар, оны жалдауға бердіңіз. Біреу өрт қойды, бұған кім жауапты, сіз қалай ойлайсыз?

Өкінішке қарай, 2016 жылдан бастап бұл қызметтің барлығы бейтараптандырылды (бақылау бойынша – ред. ескертпесі). Қазір минималды бақылау бар. Енді студенттерді орналастырмас бұрын, университеттер таңдаған қаладағы барлық хостелді комиссия бойынша, қоғамдық кеңеспен студенттерімізді орналастыруға болатын хостелдерді ғана ұсынып отырмыз. Сондықтан жұмыс форматы өзгерді. Тергеу аяқталды, сот шешім шығарады", - деді Досаев.

Алматыдағы хостелде болған өрт

30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Әлихан Смайылов қайғылы жағдай кезінде қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152032-almatyda-13-adamnyng-omirin-qigan-hosteldegi-ort-is-sotqa-qashan-zhiberiletini-aityldy/