Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Жарияланған күні:
Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.
"Үкіметінің қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, ҚАЗМЗА – "Құқықтану" мамандығы бойынша, президент жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын "Саясаттану" мамандығы бойынша және Дьюк университетін бітірген.
1993-2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, "Профилакторий" ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2004-2009 жылдары — Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.
2009-2014 жылдары — Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі.
2014-2015 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры.
2015-2018 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2019-2020 жылдары — премьер-министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2020-2023 жылдары — премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — үкімет аппараты басшысының орынбасары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152597-engbek-zhane-halyqty-aleumettik-qorgau-vitse-ministri-tagaiyndaldy/