jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Найзағай мен тұман: Астанада, еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

26 тамызда Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Мамандардың болжамынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер Астанада26 тамызда синоптиктер найзағай ойнайды деп болжап отыр.

26 тамызда Алматы облысында да күн күркіреп, желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

Ертең Ақмола облысында да күн күркірейді. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

26 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысында найзағай ойнап, тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу өңірінде де ертең жоғары өрт қаупі сақталады.

26 тамызда Қостанай облысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында ертең жоғары өрт қаупі сақталады. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысында әлі де найзағай ойнайды деп болжап отыр.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Ертең Абай облысында да күн күркірейді. Өңірде жоғары өрт қаупі болады.

26 тамызда Ұлытау облысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, Атырау облысында төтенше өрт қаупі 28 тамызға дейін сақталады.

Ертең Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болуы ықтимал.

Найзағай мен тұман: Астанада, еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.