jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Медеуге дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты "Медеу" мұз айдынына дейінгі жол учаскесі екін түнге жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдік өклідерінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.

27 тамыз 23:00-ден 28 тамыз 06: 00-ге дейін "Ақбұлақ" бұлағынан селден қорғау құрылымдары мен "Экопост" аялдамасына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Жабылатын учаскенің ұзындығы – 2,4 км.

Айта кету керек, осы көшенің тағы 2 шақырымын жөндеу жоспарланған. Ол туралы ведомство өкілдері қосымша хабарлайтынын атап өтті.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жолайрық құрылысына байланысты бірқатар көше жабылатынын жазған едік.

"Райымбек-Момышұлы жолайрығының аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

20 тамыз сағат 23.00-ден 22 тамыз сағат 11.00-ге дейін Момышұлы көшесінде Төле би көшесінен Талдыарал көшесіне дейінгі эстакадада, сондай-ақ оған бұрылатын және одан шығатын жол жабылады", - делінген хабарламада.

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Медеуге дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.