ТЖД нөсерге байланысты алматылықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском29-30 тамызда Алматыда нөсер жауып, соның салдарынан таулы және тау бөктеріндегі аймақтардағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, су басу мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, "Қазгидромет" РМК 2024 жылғы 29-30 тамыз аралығында іргелес жатқан таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауатынын хабарлады. Алматы қаласы аумағында өзендерде еңіс ағыны қалыптасып, су деңгейінің көтеріліп, су басуы мүмкін.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Іле-Алатау тауларына бармауларыңызды сұраймыз", - дейді департамент өкілдері.
Айта кетейік, 29 тамызда Алматы қаласында да найзағай ойнап, екпіні секундына 15 метрге дейін жететін жел соғады деп хабарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154589-tzhd-noserge-bailanysty-almatylyqtarga-undeu-zhasady/