jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ТЖД нөсерге байланысты алматылықтарға үндеу жасады

Қолшатыр ұстаған ер адам
Жаңбыр. Көрнекі фото: Рexels.com

29-30 тамызда Алматыда нөсер жауып, соның салдарынан таулы және тау бөктеріндегі аймақтардағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, су басу мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, "Қазгидромет" РМК 2024 жылғы 29-30 тамыз аралығында іргелес жатқан таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауатынын хабарлады. Алматы қаласы аумағында өзендерде еңіс ағыны қалыптасып, су деңгейінің көтеріліп, су басуы мүмкін.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Іле-Алатау тауларына бармауларыңызды сұраймыз", - дейді департамент өкілдері.

Айта кетейік, 29 тамызда Алматы қаласында да найзағай ойнап, екпіні секундына 15 метрге дейін жететін жел соғады деп хабарланған.

ТЖД нөсерге байланысты алматылықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.