Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр жауады

Жарияланған күні:

жаңбыр
Жаңбыр астында тұрған орындықтар. Көрнекі фото: pixabay.com

Бейсенбі, 29 тамызда Астана мен Алматыда жаңбыр жауады, Шымкентте 29 градусқа дейін ыстық болады. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.

Алматыда бүгін тағы да жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 27 градусқа дейін көтерілсе, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,0 м/с болады.

Астана тұрғындарына да аздаған жаңбыр жауатыны ескертілді. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,4 м/с.

Шымкентте бүгін жауын-шашын болмайды. Күндіз термометр 29 градусқа дейін көтерілсе, түнде 14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154709-bugin-qazaqstannyng-eki-megapolisinde-zhangbyr-zhauady/