jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның оңтүстігінде бірнеше ауданды су басу қаупі бар

өзен
Өзен. Көрнекі фото: Рixabay.com

Жетісу облысының таулы аймақтарында 29-30 тамыз, бейсенбі және жұма күндері өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы екі күнде бұл аймақта қатты жаңбыр жауады.

Осыған байланысты Текелі қаласында, сондай-ақ Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Сарқан, Алакөл және Панфилов аудандарындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін.

"Су қауіпті деңгейден асып кетсе, өзендердің жайылмаларында орналасқан елді мекендерді, шаруа қожалықтарын мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады", - деп ескертті синоптиктер.

Айта кетейік, дәл осы күндері Алматы қаласы мен Алматы облысында да ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын. Құтқарушылар тұрғындарға үндеу жасап, азаматтарды тауға шығудан бас тартуды сұрайды.

Қазақстанның оңтүстігінде бірнеше ауданды су басу қаупі бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.