jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер

"Балалар тоңып шықты": Алатау қаласындағы мектеп газға қашан қосылады

Көрнекі фото. ЖИ иллюстрациясы
Pixabay.com: Көрнекі фото. ЖИ иллюстрациясы

Алматы облысы Алатау қаласы Қоянқұс ауылындағы №47 мектепте баласы оқитын ата-ана "Жауап керек" жобасы аясында газға қосылмағанын, токпен жылытатынын, балалар қыс бойы тоңып шығатынын айтып, сауал жолдады. KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы білім басқармасынан бұл жағдайдың анық-қанығын білді.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Алматы облысы Алатау қаласы Қоянқұс ауылындағы №47 мектептің газға қосылмағаны және балалардың қыста тоңып шыққаны туралы ата-ана шағымданды.
  • Алматы облыстық білім басқармасы мектептің 2024-2025 оқу жылында газға қосылатынын хабарлады.
  • Мектептің жылыту жүйесін газға ауыстыру бойынша конкурс өткізіліп, мердігер компаниямен келісім шарт жасалғаны айтылды.

Алматы облысы Алатау қаласы Қоянқұс ауылындағы №47 мектепте баласы оқитын ата-ана @aizhan5904 есімді желі қолданушысы Instagram желісіндегі kaz.nur.kz парақшамызға сауал жолдады.

"Алатау қаласы Қоянқұс ауылы №47 мектеп газға қосылмағанын, токпен жылытатынын, былтыр қыста мектептің іші суық болып, балалар тоңып шықты. Газ қашан қосылады?" - дейді оқырман.

Алматы облыстық білім басқармасынан сұрағанымызда, аталмыш мектеп биыл газға қосылатынын айтты.

"Алматы облыстық білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі ММ-нің №47орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі Қоянқұс ауылында. 2024-2025 оқу жылында мектептің жылыту жүйесін сұйық отыннан газға ауыстыру бойынша бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс рәсімдері жүргізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша 2024 жылғы 8 тамызда мердігер ЖШС "Зәулім шың" және жобаның авторы "Юг Газ" ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы хабарлама ҚР Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жіберілді. Жұмысты бастауға рұқсат алынғаннан кейін ауыстыру жұмыстары басталады", - деді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, KAZ.NUR.KZ порталы жақында "Жауап керек" жобасын іске қосты. Біз сіздің сұрағыңызды билікке жеткізіп, оған жауап аламыз: Редакция тілшілері әлеуметтік желілердегі ең өзекті сұрақтарды таңдап, шенеуніктерден нақты жауаптар алады. Әр екі апта сайын іріктелген сұрақтар салалық ведомстволарға сауалхат ретінде жолданады.Сұрақтарыңызды мынадай жолмен жаза аласыздар:

Хаттың тақырыбына міндетті түрде "Жауап керек" жобасына деп жазып қоюы шарт.

"Балалар тоңып шықты": Алатау қаласындағы мектеп газға қашан қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.