Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкімді түсіндірді

Жарияланған күні:

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы
Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы. Фото: NUR.KZ/Айгерим Хамзина

Гүлмира Сатыбалдының ісін қараған судья Мәртпек Кәкімжанов сотталушы мен оның сыбайласы болған жүргізушісіне жазаның үкімін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Сот Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевтың әрекеттерінде жәбірленушіні бас бостандығынан айыру мақсатында алдын ала сөз байласу болғанын анықтады.
  • Судья Мәртпек Кәкімжановтың айтуынша, Сатыбалданың ниеті арнайы бопсалау, яғни бөтеннің мүлкін беруді талап ету мақсатында болған.
  • Сот Сатыбалданың ағайынды Жүнісовтердің оның құқығы жоқ мүлікке ие адамдар екенін білгенін ескерген.

"Сот Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевтың әрекеттерінде жәбірленушіні бас бостандығынан айыру мақсатында алдын ала сөз байласу болған деген қорытындыға келді. Сот сотталушы Сатыбалданың ниеті арнайы бопсалау, яғни бөтеннің мүлкін беруді талап ету мақсатында болғанын ескереді.

Ол бұл жағдайда ағайынды Жүнісовтердің оның құқығы жоқ мүлікке ие адамдар екенін білген", - деп түсіндірді судья.

Бүгін Гүлмира Сатыбалды мен оның сыбайласына қатысты үкім шықты.

Еске салсақ, 2022 жылғы наурызда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды ұсталғаны белгілі болды. Жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Одан бөлек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдының Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Сонымен қатар 2022 жылдың қыркүйегінде Антикор Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорынның қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Желтоқсанда Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің екі дерегі, соның ішінде адам ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтағанын айтты.

Сот тыңдауы Алматыда 15 мамырда басталды. Ол алқабилер сотынан бас тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155090-sot-gulmira-satybaldyga-qatysty-ukimdi-tusindirdi/