jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Жарты миллион теңгесі болған": Шымкентте полицейлер жоғалған сөмкені иесіне қайтарды

Әмиян мен ақша
Әмиян мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте полицейлер ішінде жарты млн теңгесі бар жоғалған сөмкені тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент полициясына қомақты ақша салынған сөмкесін жоғалтқаны туралы Түркістан облысының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, ол барсеткасын автокөлік жолында түсіріп алған.

"Хабарлама бойынша жедел басқару орталығының инспекторлары көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды толық қарап шығып, ер адамның қозғалыс бағытын тексерді. Нәтижесінде сөмкені сол жолдан жүріп өткен көліктің жүргізушісі алып кеткені анықталды", - делінген ПД хабарламасында.

Автокөлікті тауып, тоқтату үшін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бағытталды. Осылайша, екі сағат ішінде тәртіп сақшылары жоғалған сөмкені тауып, ішіндегі ақшасымен бірге иесіне қайтарып берді.

Түркістан облысының тұрғыны құқық қорғаушыларға жедел жұмысы мен адалдығы үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

"Жарты миллион теңгесі болған": Шымкентте полицейлер жоғалған сөмкені иесіне қайтарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.