jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"Бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған": Ақтауда бір мектепте 7 егіз бірінші сыныпқа барды (видео)

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ақтауда жаңа оқу жылында Қ.Бекжанов атындағы мектептің бірінші сыныбына жеті егіз қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазіргі уақытта бұл мектепте 2213 бала оқиды. Мектеп директорының айтуынша, білім ордасында 0-11 сынып арасында отыз егіз оқушы білім алып жатыр.

"Бұрын біздің мектебімізде мұндай жағдай болмаған. Биыл біздің бірінші сыныбымызға 7 бірдей егізді қабылдап отырмыз. Жалпы мектепте 0-11 сынып аралығында отыз егіз оқиды. Егіз оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы жоғары. Ұстаздарымыз оқушыларға сапалы білім және тәрбие беруде еңбек етіп жатыр", - деді мектептің директоры Назира Ақбержанова.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы 15-гимназияның бастауыш сыныптарына түгелдей ұйықтауға арналған парталар қойылғаны туралы жазған едік. Оқушылар 20 минуттық үзілісте балалар партасын созып, жатып демалып алады.

"Бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған": Ақтауда бір мектепте 7 егіз бірінші сыныпқа барды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.