jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ресей азаматтығы бар экс-қазақстандық елден шығарылды

    Қос азаматтығы бар ер адам. Фото
    Қос азаматтығы бар ер адам. Фото: t.me/dp_abai

    54 жастағы Ресей азаматы соттың шешімі бойынша қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды. Ол Ресей Федерациясының төлқұжатын маусымда алған, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полиция департаментінің Тelegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, тамызда көші-қон қызметінің қызметкерлері осы жылдың маусымында Ресей азаматтығын алған 54 жастағы тұрғынды анықтады, алайда ол Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақытылы ресімдемеген.

    Сот шешімі бойынша құқықбұзушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығару түрінде ӘҚБтК 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Құқық бұзушыдан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айрылуы рәсімделді.

    Облыстық полиция департаменті Конституция бойынша Қазақстанда қос азаматтық болмайтынын еске салды. Ресми түрде басқа елдің азаматы болғанға дейін Қазақстан азаматтығынан бас тарту қажет.

    Ол үшін З0 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарына өзге мемлекеттің азаматтығын алуды жоспарланғаны туралы хабарлап, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы керек.

    Полиция 8 айда облыста осындай 10 жағдай анықталғанын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.