Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2:30-да таң атады": Amanat депутаттары уақыт белдеуін қайтару жөнінде үндеу жасады

Жарияланған күні:

Amanat партиясының логотипі
Amanat партиясының логотипі. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Amanat фракциясының депутаттары қазақстандықтардан түскен көптеген өтінішке байланысты елдегі уақыт белдеуін қайтару туралы үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Аманаттықтардың" мәлімдемесі Facebook желісінде жарияланды. Фракцияның бірнеше депутаты Қазақстандағы уақыт белдеуін қайтаруды қолдайтынын айтты.

"Мыңдаған халықтың арыз-шағымы, тілегіне орай арнайы мәлімдеме жасағымыз келіп отыр. Amanat фракциясы мәжілісте арнайы жиын өткізді. Әріптестер куә, осы жазда біз өңір-өңірлерді аралағанда, әсіресе Шығыс Қазақстанда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Абай облысында, Жетісуда ең көп сұрақ уақыт белдеуіне байланысты қойылды. Ел бұрынғы уақыттың қайтарылуын талап етіп жатыр.

Бәлкім, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан үшін осы уақыт белдеуі ыңғайлы шығар. Бірақ шығыс үшін тиімсіз. Біздің Шығыс Қазақстанда таңғы 2:30-да таң атады. Сиырдың мөңіреген даусынан оянасың, кешкі 5-6-да тас қараңғы", - дейді депутаттар.

Олар екінші, үшінші ауысымда оқитын оқушыларға да алаңдаушылығын білдірген.

"Жер үлкен болған соң география бойынша уақыт белдеуі алдын ала зерттелуі керек еді, денсаулыққа қаншалықты зиян екені, қанша энергия артық шығындап жатқанымызды...

Сондықтан бүгін арнайы фракция жиынын өткіздік. Уәде еткендей, парламенттің жалпы отырысында тыңдау өткіземіз. Үкімет мүшелері, ғалымдарды шақырып, мамандарды шақырамыз. Нақты ұсыныстарыңыз болса, айтыңыздар. Бірге ақылдасып, үкіметтің нақты шешім қабылдауына ықпал етеміз",- деді депутаттар видеода.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның бірнеше облысында уақытты бір сағатқа артқа жылжыту ұсынылған еді. Сауда және интеграция министрлігі уақыт белдеуіне қатысты өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158308-2-30-da-tang-atady-amanat-deputattary-uaqyt-beldeuin-qaitaru-zhoninde-undeu-zhasady/