Зектілері

Сауда және интеграция министрлігі уақыт белдеуі туралы петиция бойынша шешім шығарды

Жарияланған күні:

Сағат тілі
Сағат. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Келтірілген уәждердің барлығын зерделеген Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство ақпаратынша, жұмыс тобы ұсынған барлық деректер мен дәлелдемелерді, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдарды зерделей отырып, Қазақстанның бірқатар өңірін бір сағатқа кері ауыстыру табиғи күн циклдеріне сәйкес келетіні және ғылыми зерттеулер мен ұсынымдарға негізделгені расталды.

"UTC + 5 уақыт белдеуі Қазақстан Республикасы аумағының көп бөлігінде табиғи циклге барынша жақын стандартты уақыт белдеуі болып табылады. Стандартты  уақыт белдеуінің  оң әсері туралы негізделген халықаралық ғылыми зерттеулерді және уақыттың ауысуы халықтың денсаулығына кері әсер еткенін  растайтын деректердің болмауы негізінде Сауда және интеграция министрлігі петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарда.

Сонымен қатар жұмыс тобына қатысушыларының дәлелдерін назарға ала отырып, тиісті талдаулар мен қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі айтылды.

Денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктеріне UTC + 5 уақыт белдеуінің алдағы үш жылда халықтың денсаулығына қалай әсер ететіне зерттеу жүргізу ұсынылды.

Ұлттық экономика және энергетика министрліктеріне жылу маусымы мен маусымдық өзгерістерді ескере отырып, өңірлерде электр энергиясын тұтынуға мониторинг және талдау жүргізу тапсырылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұйымдар мен кәсіпорындарға күндізгі уақытты ескере отырып, жұмыс кестесін түзету мүмкіндігін түсіндіру ұсынылды.

Өтiнiш берушiнiң қабылданған шешiмге Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк рәсiмдiк-iс жүргiзу кодексiнiң 91-бабына сәйкес шағымдануына құқығы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143852-sauda-zhane-integratsiia-ministrligi-uaqyt-beldeui-turaly-petitsiia-boiynsha-sheshim-qabyldady/