Халыққа "Жауап керек": KAZ.NUR.KZ билікке денсаулық саласындағы сұрағыңызды қояды
Жарияланған күні:
KAZ.NUR.KZ редакциясы "Жауап керек" жобасын бастайды. Жоба бойынша, редакция тілшілері халықтың түйткілін билікке жеткізуді мақсат етеді. Нақты мәселелер бойынша ел көкейіндегі мәселелердің жауабын шенеуніктерден алып, жариялау – негізгі мақсат.
- KAZ.NUR.KZ редакциясы "Жауап керек" атты жаңа жоба бастап, халықтың сұрақтарын билікке жеткізуді мақсат етеді.
- Жоба аясында оқырмандар әлеуметтік желілер мен электрондық пошта арқылы сұрақтарын жолдай алады, ал редакция оларды іріктеп, тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.
- Бұл айда Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты сұрақтар қабылданады, ал үздік сұрақ авторына ақшалай жүлде беріледі.
"Оқырманнан – сұрақ, шенеуніктен – жауап"
Жобамыздың бірінші айында Алматы облысы Алатау қаласы Қоянқұс ауылындағы №47 мектепте баласы оқитын ата-ана газға қосылмағанын, токпен жылытатынын, балалар қыс бойы тоңып шығатынын айтып, сауал жолдады. Бұл мәселені билік органдарына жеткізіп, жауабын алдық.
Алматы облыстық білім басқармасынан сұрағанымызда, аталмыш мектеп биыл газға қосылатынын айтты.
Сондай-ақ Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы С.Керімбеков атындағы орта мектебінің мұғалімдері мектепті жөндеу жұмыстарына өз қалтасынан ақша шығарып жатқанын айтып шағымданды деген видео жарияланды. Осы мәселенің де жай-жапсарын біліп бердік.
Қалай сұрақ жолдай аласыз?
Жобада редакция тілшілері әлеуметтік желілерде оқырман сұрақтарын іріктеп, маңызы мен өзектілігі бойынша таңдайды. Сұрақтарыңызды мынадай жолмен жаза аласыздар:
- Instagram-дағы ресми парақша;
- Telegram-дағы ресми арна;
- Facebook-тегі ресми парақша;
- editor@corp.nur.kz поштасы (Хаттың тақырыбына міндетті түрде "Жауап керек" жобасына деп жазып қоюы шарт).
Әр екі аптада бұл сұрақтар көкейтесті әрі өзектілігі бойынша іріктеліп, салалық ведомстволарға сауалхат ретінде e-otinish арқылы жолданады.
Ескерте кетейік, сұрақ жолдаушы хатта сұрақ жолдаған оқырманның аты-жөні, байланыс ақпараты болғаны абзал. Алайда оқырман аноним түрде сұрақ қоя алады. Іріктеп алынған сұрақтар қай құзырлы органға жолданатыны алдын ала әлеуметтік желілерде жарияланады.
Бұл айда Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне жататын сұрақтар қабылданады. Келесі айларда өзге ведомстволарға қатысты мәселелерге тоқталамыз.
Үздік сұраққа – ақшалай жүлде
Үздік сұрақты маңызы мен өзектілігі бойынша редакция анықтайды. Бұдан кейін KAZ.NUR.KZ әлеуметтік желілердегі парақшаларында жеңімпаздың есімі жарияланады.
Нені мақсат тұттық?
Негізгі мақсатымыз – оқырмандармен кері байланысты нығайту, халық пен билік арасында көпір болуға ұмтылу және ел көкейінде жүрген сауалдарға құзырлы органдардан ресми жауап алу, ел ішіндегі проблемаларды шешуге мұрындық болу.
Қоғамдағы мәселелерге бей-жай қарамайтын әрбір отандасымызды жобаға қатысып, ел мәселесін шешуге атсалысуға шақырамыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158921-halyqqa-zhauap-kerek-kaz-nur-kz-bilikke-densaulyq-salasyndagy-suragyngyzdy-qoiady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.