jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгерді (видео)

Асқар Тоқпанов ауылы
Асқар Тоқпанов ауылы. Фото: almaty.tv

Алматы облысында екі елді мекеннің атауы өзгерді. ҚазЦИК ауылына қазақ театр педагогикасының негізін қалаушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Елді мекенде айтулы күнге байланысты салтанатты шара ұйымдастырылды. Ал қызыл лентаны кесу мәртебесі құрметті қонақтарға берілді.

Жиналған қауым ауыл атауы өзгергеніне қуанғанын айтып жатыр. Олар мұны Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және насихаттау жолындағы маңызды қадам деп есептейді.

Оған қоса, дәл осы күні Комсомол ауылының атауы Жайнақ деп өзгертілді.

"ҚазЦИК ауылының да, Комсомол ауылының да атауы ауысты. Бұл бәріміз үшін маңызды жағдай. Біздің елдімекенге Асқар Тоқпанов сияқты мықты қайраткердің есімі берілгеніне қуаныштымын", - деді ауыл тұрғыны Ғалия Сағымбекова.

Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгерді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.