jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды

Шық түскен гүл
Гүл. Көрнекі фото: pixabay.com

12-14 қыркүйек аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп болжанды. Алайда күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кең ауқымды антициклонның арқасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Дегенмен ауа температурасы төмендейді деп күтіліп отыр. Тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, түнде жаңбыр соңы қарға айналуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін мегаполистердегі бүгінгі ауа райы туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, Астанада жаңбыр жауады, Шымкентте күн ашық болады.

Сонымен қатар синоптиктер еліміздің ірі қалаларындағы осы аптадағы ауа райы болжамын ұсынды. Алматыда алдағы күндері жауын-шашын күтілмейді, бірақ температураның біртіндеп төмендеуі байқалады. Астанада кей күндері жаңбыр жауады, тек Шымкентте күн жылы болады деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.