jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан авторлар қоғамы автор мүддесі үшін таласуда

: UGC

Естеріңізде болса, сәуірдің 24 ші жұлдызында " Алматы" телеарнасында Қазақстан авторлары қоғамына қатысты  әңгіме қозғалып, ол еліміздің интернет сайтарында жарияланып кеткен болатын. Осыған орай Қазақстан авторлар қоғам мынандай мәлімдеме жасап отыр.

Осы жайында Қазақстан авторлар қоғамының Бас директоры бізге мынаны хабарлады. "Алматы" арнасындағы жаңалықтар өздерінің қаламақысын заңсыз түрде жинап жүрген "Абырой" қоғамына наразылық білдірген 300 автордың қолы қойылған хаттың жала екенін дәлелдемек болған Темірлан Төлегенов мырза, экранда ұялы телефон арқылы сол хатқа қол қойған бірлі-жарым авторларға қоңырау шалып, сұрақ қойған.

Болат Қоқаманов та, Болат Сыздықов та тосыннан қойылған сұрақты ұқпай қалғандықтан, өз жауаптарын анық айта алмай күмілжіп қалды. Олай дейтініміз аталмыш хаттағы қойылған қол Б.Қоқаманов пен Б.Сыздықов мырзалардікі. Бұл жөнінде оларға хабарласқанымызда ә дегенде өздерінің қойылған сұрақтың мән-мағынасын ұқпай қалғанын, ал "ҚазАҚ" атынан жазылған хатта көтерілген мәселені толығымен қолдайтындарын айтты.

Бір жарым жылдан астам уақыт "Қазақстан авторлары қоғамында" тіркеулі авторлардың сыйақысын жинап жүрген "Абыройдан" жиналған қаржының қайда жұмсалғаны жөнінде ешқандай мәлімет ала алмаған "Қазақстан авторлары қоғамы" 2012 жылдың ақпан айында сыйақысын ала алмай жүрген 107 автордың атынан сотқа шағым түсірген. Жазылған талап шағым сот орындарының шешімімен толығымен қанағаттандырылып, "ҚазАҚ"-тың пайдасына шешілген. Кәзіргі таңда 93-автордың шағымы бойынша жазылған талап-шағымды сот органдары тексеруде. Алдағы күндерде дүниежүзілік 200 автордың наразылығы негізінде "Абырой" қоғамының үстінен тағы да іс қозғалмақ.

Қазақстан авторлар қоғамы автор мүддесі үшін таласуда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.