Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шай ішу құпиясы: дұрыс таңбалама сіздің таңдауыңызды қалай қорғайды

Жарияланған күні:

Тәттілер
Фото: ru.freepik.com

Қазақстан ежелден дәстүрге айналған шай ішуді жақсы көретіндігі белгілі. Әркім өз қалауы бойынша – тәтті шоколадтан бастап, сүйікті дәмдерін таңдап, дастархн басында кешкі шайын ішеді. Бұл жай ғана әдет емес, мәдениеттің бір бөлігі. Әйтсе де бұл тағамдар қауіпсіз болуы үшін оларды қалай дұрыс таңдауға болады? Бұл туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ мамандары айтып берді.

Тұтынушылар мен кәсіпкерлерге осы мәселелерді дұрыс шешуге көмектесу мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестік өкілдері 2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында республика бойынша құпия сауда әдісімен сатып алулар жүргізді. Бұл сатып алулар азық-түліктік те, азық-түліктік емес тауарларды да қамтыды. Шараның мақсаты – заңбұзушылықтарды іздеу емес, тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, сондай-ақ тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар беру болды.

Осылайша, 2024 жылдың маусым айында мамандар қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне Петропавл сауда нүктелерінің бірінен кондитерлік өнімдердің бірнеше түрін: қантты кондитерлік өнімдер – "Лимончик" дражелері (2 кг), SS JELLY CANDY (30 г), құлпынай дәмді өрім пішінді маршмеллоу (280 г) (Қытай), "Сластена" тәттілері (Ресей) ұннан жасалған шығыс тәттілері (2 кг) және шоколадты қара өрік (500 г) сатып алды. Барлық өнімдер "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының аккредиттелген зертханаларында және Қазақстан Республиксы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалында улы элементтер мен микотоксиндердің құрамы бойынша кешенді сараптамадан сәтті өтіп, денсаулыққа қауіпсіз екендігін растады. Әйтсе де, басқа да мәселелер туындады: барлық үлгілер тағамның таңбаламасына қатысты талаптарға сәйкес келмеді.

  • "Лимончик" дражелері (Ресей) – таңбалама тек орыс тілінде ұсынылған.
  • СС JELLY CANDY – өндіруші және оның орналасқан жері туралы ақпарат жоқ, тағамдық құндылық көрсеткіштері және өнімнің сақтау шарттары ағылшын тілінде берілген, орыс және мемлекеттік тілдерде ЕАС белгісі мен таңбаламасы жоқ.
  • Құлпынай дәмді өрім пішінді маршмэллоу (Қытай) – таңбалама тек орыс тілінде берілген.
  • "Сластена" конфеттері (Ресей) – шығарылған күні жоқ, таңбаламсы тек орыс тілінде берілген.
  • Шоколадты қара өрік (АҚШ) – өндіруші туралы ақпарат және мемлекеттік тілде таңбаламасы жоқ.
Тәттілер
Фото: Биятан Жанна

Таңбалама – тек міндетті ақпарат емес, сатып алушының өнімнің құрамы мен сақтау ерекшеліктерін білуінің кепілі. Құқыққорғаушы-сарапшы Жанна Биятан атап өткендей, Қазақстандағы дүкен сөрелерінде сатылатын әрбір өнімнің толық және дәл таңбалануы маңызды. Бұл тек сатып алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңына сәйкес өнімнің заң талаптарына сәйкестігін бақылауға міндетті импорттаушылар үшін де маңызды; өнім таңбаламасының талаптарға сәйкестігі үшін жауапкершілік импорттаушыларға жүктеледі.

Мысалы, өндіру күні туралы ақпарат тұтынушыларға өнімнің балғындығын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, таңбалама стандарттарын сақтау бизнестен аз күш-жігерді қажет етеді, бірақ нарықтың барлық қатысушыларына елеулі пайда әкеледі, түсінбеушілік пен жанжалдарды болдырмауға көмектеседі.

"Біз пайдалы ұсынымдар мен қолдау көрсету арқылы кәсіпкерлерге қателіктер мен бұзушылықтарды болдырмауға көмектесуге тырысамыз. Тұтынушылар мен бизнес бір жүйенің серіктестері болып табылады және таңбалама стандарттарын сақтау бұл байланысты нығайтуға көмектеседі. Таңбаламаға мұқият көңіл бөлу тұтынушыларға қауіпсіз таңдау жасауға, ал кәсіпкерлерге тұтынушылармен ұзақмерзімді сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді", - деп түсіндіреді құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекова.

Сарапшы тұтынушыларға өнімнің қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін затбелгілерді тексеруді ұсынады. Ал, кәсіпкерлердің естен шығармауы тиіс жайт: өнім шетелде өндірілсе де, жергілікті деңгейде Қазақстан стандартына сай болуы керек. Таңбалама дұрыс орындалса, бұл өндірушілер үшін де, сатып алушылар үшін де жұмысты жеңілдетеді, сенім артады және ашық нарықтық орта жасайды.

Жауапты сатып алу мен сату жолы

Таңбаламаны тексеру – талаптарды орындаудың соншалықты қиын емес екенін көрсету тәсілі. Дұрыс таңбалама – бұл жай ғана формальдылық емес, тұтынушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі. "MOТҚҚҚ" ҚБ міндеті – тұтынушылар мен кәсіпкерлерге заманауи нарықтың сын-қатерлеріне төтеп беруге, маңызды мәліметтер туралы ақпараттандыруға және жоғары сапа стандарттарын сақтауға көмектесу болып табылады.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпарат, сондай-ақ басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161879-tutynushylardyng-quqygyna-tongen-qauip-onimning-tangbalamasyndagy-buzushylyqtar/