Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау тұрғындары таңғы төртте ауаға белгісіз зат шашып жүрген көлікті көргенін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Атырау
Жүк көлігі. Видеодан кадр: instagram.com/nurlan_zhunasov/

Әлеуметтік желіде атыраулықтар қала маңындағы Бірлік ықшам ауданы тұсында ауаға белгісіз зат шашып жүрген жүк көлігінің видеосын қызу талқылап жатыр. Полиция департаменті көліктің кімге тиісілі екенін анықтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео авторының айтуынша, көліктің ауаға белгісіз зат шашып бара жатқанын көргеннен кейін бейнежазбаға түсіріп, артынан жүріп отырған. Бұл әрекетті байқаған көлік жүргізушісі жылдамдықты үдетіп, қашып кеткен көрінеді. Әлеуметтік желіде тұрғындар әлдекімдердің қаланың әр бөлігінде ауаға сұйықтық шашып жүргендерді көріп жүргендерін жазуда.

"Алмагүл ыұшамауданы үйлерінің арасында осындай сұйық зат шашып жүргендерді көрдім. Маса улап жүр дейін десең, маса бітір кетті ғой", "Халықты улап жатса да үкіметтің хабар жоқ", "Бәрімізде аллергия, грипп, осы болып тұр ғой себебі", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Атырау облысы полиция департаментінің өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтаған.

"Видеодағы көлік жол белгілерін сызатын автокөлік екендігі анықталды. Сол сәтте бояуды араластырып тұрған", - деп жауап берді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161896-atyrau-turgyndary-tanggy-tortte-auaga-belgisiz-zat-shashyp-zhurgen-kolikti-korgenin-aitty-video/