jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ИА
Ислам Аманқос
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген алабарыс фототұзаққа түсіп қалды (видео)

Сирек кездесетін азиялық қабылан
Сирек кездесетін азиялық қабылан. Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында алабарыс фототұзаққа түсіп қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
close
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Қызыл кітапқа енген азиялық қабылан фототұзаққа түсті.
  • Қабылан Қазақстан Республикасының сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер тізіміне енгізілген және 2021 жылдың сәуірінен бастап Қызыл кітапқа енген.
  • Экология министрлігінің айтуынша, азиялық қабыландардың терісінің түсі аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін, бұл оларға құрғақ және тасты ландшафттарда жақсырақ жасырынуға көмектеседі.

Қорықтағы фототұзаққа Қызыл кітапқа енген алабарыс түсіп қалған. Жануар Халықаралық табиғатты қорғау одағының критерийлері бойынша жойылу қаупі бар деп саналады. Бұл туралы министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сайтында жарияланды.

Алабарыс Қазақстан Республикасының сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер тізіміне енгізілген. Ал 2021 жылдың сәуірінен бастап Қызыл кітапқа енген.

"Алабарыстардың терісінің түсі аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Басқа қабыландардың түрлерімен салыстырғанда, алабарыстардың түсі жиі ашықтау және сәл қанық болады. Бұл оларға құрғақ және тасты ландшафттарда жақсырақ жасырынуға көмектеседі. Бұл камуфляж оларға жыртқыштардан қорғанып, олжадан жақсы жасырынуға мүмкіндік береді", - деп толықтырды комитет өкілдері.

Биыл жазда "Алтын-Емел" ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюының су ішіп жатқанда фототұзаққа түсіп қалған. Бұған дейін басқа бір фототұзақ та Тянь-Шань қоңыр аюын түсіріп алған.

Қызыл кітапқа енгізілген бархан мысығы да Маңғыстау облысында фототұзаққа түсіп қалған.

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген алабарыс фототұзаққа түсіп қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.