jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында шамамен 2 мың жыл бұрын жерленген жауынгердің сүйегі табылды (видео)

Түркістан облысындағы археологиялық қазба жұмыстары
Түркістан облысындағы археологиялық қазба жұмыстары. Видеодан кадр: youtube.com/@informburo31kanal

Түркістан облысында зерттеушілер жауынгердің сүйегі мен жәдігерлер тапты. Табылған заттардың жасы шамамен 2 мың жыл деп болжанып отыр. Бұл туралы "31 арна" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, археологтар Түркістан облысындағы Сілбелі маңынан қорым тапқан. Үңгірде жауынгер жерленгені белгілі болды. Бұл жерлеу рәсімі шамамен 2 мың жыл бұрын болған деп болжанып отыр.

Археологтардың айтуынша, үңгірдің бір бөлігі толығымен қираған, ал екіншісінде жерленген адам мен жақсы сақталған құмыра мен темір бұйымдар табылған.

"Болжам бойынша, бұл – көшпелі халықтың жауынгері, оған жерлеу атрибуты куә: бұл жерде бірнеше түрдегі темір жебелердің ұшы, көшпенділерге тән жылқы ноқтасының ауыздығы табылды. Катафракт деп аталатын қорғаныс сауыттары болған, мүмкін ол қола немесе күміс болуы мүмкін", - деді Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры Александр Подушкин.

Археологтар алғаш рет қазбаны тар (дромос) дәліз әдісі арқылы жүргізгенін айтты. Археологтар тапқан барлық олжалар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайына тапсырылады.

Түркістан облысында шамамен 2 мың жыл бұрын жерленген жауынгердің сүйегі табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.