Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауды (фото)
Жарияланған күні:
18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданына қарасты Өрел ауылында алғашқы қар жауды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Голос народа" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында, сол жағалауында орналасқан. Ауыл арқылы Үлкен Нарын – Рахманов бұлақтары автожолы өтеді.
Басылым мәліметінше, Катонқарағайда түнде температура -2 градусқа дейін төмендеген, ал күндіз +13 градусқа дейін көтеріледі деп болжанды.
Айта кетейік, былтыр Шығыс Қазақстан өңіріне алғашқы қар тамыз айында жауған. Қар таңғы уақытта Белуха тауының маңында жауған болатын.
Еске салсақ, алдағы үш күнде Қазақстанда күн райы жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер республиканың оңтүстігінде ғана күн күркіреп, жаңбыр жауатынын болжады. Республика бойынша жел күшейеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163003-shygys-qazaqstan-oblysynda-algashqy-qar-zhaudy-foto/