Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуып шыққым келіп тұр": Маңғыстауда мектептегі мұғалімнің даулы видеосына байланысты тексеру басталды

Жарияланған күні:

Сынып іші
Сынып іші. Көрнекі фото: Uwe Anspach/Picture alliance/Getty Images

Маңғыстау облысындағы мектептердің бірінде оқушының ата-анасы қызын мұғалімнің қорқытқанын айтып, шағымданған соң тексеру басталды. Әлеуметтік желіде сабақ кезінде түсірілген видео тарады.

Мұғалімнің өзі түсірген видео Instagram желісіндегі podslushano_aktau12 паблигінде жарияланған.

Видеода мұғалім оқушы қыздан жемпірін шешіп отыруын талап еткен, "сынып іші ыстық" деген.

Сонымен қатар видеодағы мұғалімнің сөзінше, тест кезінде ұялы телефонды тапсырмаған. Ал қыз оны тапсырдым деп жауап бергенде, "жеке өзіме тапсырмадың" деп ашуланған.

"Бүкіл сыныптың алдында мен одан жеміпірін шешіп отыруын талап етемін. Кабинет ыстық. "Тоңып отырмын" деп көкбеттеніп жауап берді. Одан тест өтіп жатқан соң, ұялы телефонын тапсыруды сұрадым. Жеке өзіме, қолыма әкеп тапсырмады. Мен оның сыныптан шығып, үйіне кетуін сұраймын, өйткені ол менің талаптарымды орындамайды, оны сыныптан қуып шыққым келіп тұр", - деді мұғалім видеода.

Оқушының әпкесі осы мәселеге назар аудару үшін Ақтаудағы inAqtau басылымның редакциясына видеоны жіберген. Қыздың туыстары мұғалімді жазалауды талап етіп отыр. Олар бұл мұғалім тарабынан буллинг бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті.

Облыстық білім басқармасына сілтеме жасаған баслым мәліметінше, қазір Түпқараған аудандық білім бөлімінде тексеру басталған. Ведомство әзірге басқа мәлімет бермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163724-quyp-shyqqym-kelip-tur-manggystauda-mekteptegi-mugalimning-dauly-videosyna-bailanysty-tekseru-bastaldy/