Шымкентте бұралқы иттер моланы қазып тастаған
Жарияланған күні:
Бұралқы иттер қаптап жүр. Бозарық шағын ауданының тұрғындары соңғы уақытта көше бойын жағалайтын төрт аяқтылардың көбейгенін айтып шағымданып отыр. Адамға шапқаны былай тұрсын, енді мазараттағы мәйітті қазып бетіне шығарып тастап жатқан фактілер бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz-ке ресми сайтына сілтеме жасап.
Халықпен кездеспес бұрын мәжілісмен Бозарық шағын ауданын аралап, аумақтың тыныс-тіршілігімен танысып алды. Одан соң тұрғындарды ескі мектеп ауласына жинап, талап-тілектерін тыңдады. Тұрғындар алдымен қаңғыбас иттердің мәселесін шешіп беруді сұрады.
"Біздің мазаратқа жаңадан көмілген мәйітті иттер қазып жатыр. Мәйітті. Екінші мәселе, иттер қойларды қасқыр құсап талап жатыр. Видеосы бар, оны көрсетуге болар еді. Мына жерде жинап жатыр. Енді ит-мысықты қорғау шығарған заңдарыңызға өзгеріс енгізсеңіздер", - деді қала тұрғыны Алмасхан Есбаев.
Алдына келген мәжіліс депутатына халық жол, жарықтандыру, қоқыс мәселесін де айтты. Сонымен қатар жауынды күні жертөлеміз суға толады дегендер де болды. Нөсерлі күні суды белшеден кешкендер аудан әкімдігінен еш қайыр болмағанын айтып арызданды.
"2012 жылдан бері су басқаны әлі сол мәселе шешілшен жоқ. Лоток жоқ, жол жоқ. Бүкіл үйді, үш үйді су алады. Үнемі арыз да тастап жатырмыз, бірақ кураторымыздың өзі бір-екі рет айтты. Сайға салған өздеріңіз кінәлі", - дейді қала тұрғыны Гүлмира Әсетова.
"Көшеге шықпай біздің жолға шығатын болды. Өзі жаман топырақ жол. Трубадан мына жаққа мына жаққа су өткен. Сол трубаны жарып, су ағып жатыр құм тасты көтеріп. 15 жыл болды, әлі ешкім қалаған жоқ", - дейді тағы бір қала тұрғыны.
ҚР Парлменті мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев көтерілген мәселелерді протоколға тізіп, билікке жеткізетінін айтты. Ал кезек күттірмейтінін жергілікті атқарушы органға тапсырамын деді.
Қазіргі таңда Бозарық шағын ауданында 3000-ға жуық тұрғын үй болса, онда 9000-ға жуық халық тұрып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163847-shymkentte-buralqy-itter-molany-qazyp-tastagan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.