Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ербаян Мұхтарды біреу ұрды деп айтуға әлі ерте": Ұлттық ұлан өкілі комаға түскен сарбаз туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Әскердегі сарбаз
Әскердегі сарбаз: freepik.com

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов сарбаз Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты тергеу аяқталғанша алдын ала қорытынды жасамауға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетовке брифингте неге әскерде дәретханаларға камера орнатылмайтыны туралы сұрақ қойылды. Сұрақ қойған журналист түрлі жанжалдар мен төбелестер болатынын айтып, Ербаян Мұхтардың жағдайын да мысал ретінде келтірді.

Қайрат Үмбетов "сарбаздың комаға түсуіне дәл төбелес себеп болды" деген қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты.

"Оны біреу ұрды деп айтуға сізде де, бізде де әлі құқық жоқ. Сарбаз түнгі сағат 2:15-те оянып, дәретханаға барған, сол жерде оны құлағанын көрген куәгерлер бар. Қазір тергеуді ІІМ әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр. Ербаян Мұхтарды біреу ұрды деп айтуға әлі ерте.

Сарбаз айығып, есін жиып келеді. Егер бұл фактілер расталса, сол кезде біз ол туралы айта аламыз", - деп жауап берді Өмбетов.

Бұған дейін желіде әскерге шақырылған жас жігіттің мүгедек болып оралғаны туралы ақпарат тараған. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жағдайға түсінік берді. Әскери борышын өтей бастағаннан бірнеше ай өткен соң ол ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылып, комаға түсті.

Ұлттық ұлан өкілдері сарбаз Мұхтардың басынан алған жарақатына байланысты "Әскери қызметшілер арасындағы жарғыға қайшы қарым-қатынастардың денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.

Белгілі болғандай, сарбазды ата-анасының өтініші бойынша оңалту емінен кейін үйіне шығарған. Сонымен қатар ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери-медициналық басқармасымен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық мекемесі оның мүгедектік рәсімдеуіне көмек көрсетіп жатыр.

Кейінірек Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың жарақатына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомство сол кезде Қорғаныс министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі сияқты күш құрылымдарындағы әскери қызмет қауіпсіздігіне бақылау жасамайтынын мәлімдеген.

Ведомство өкілдері, сондай-ақ, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлердің бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауы аясында әскерде қатаң тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

Бірнеше күн бұрын комаға түскен Ербаян Мұхтардың ата-анасы оның шетелге неге әлі шығарылмағанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164075-erbaian-muhtardy-bireu-urdy-dep-aituga-ali-erte-ulttyq-ulan-okilderi-komaga-tusken-sarbaz-turaly-pikir-bildirdi/