Елімізде алдағы күндері қар жауып, аяз болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Қазақстанда осы аптаның алғашқы күндерінде ауа температурасы төмендейді деп болжанды. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болып, соңы қарға ұласады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, 24-26 қыркүйек аралығында Қазақстанда тұман түсіп, жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.
Алдағы тәуліктерде атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен республиканың солтүстігінде және шығысында таулы аймақтарда 26 қыркүйекте жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деп болжанды. Ауа температурасы түнде -2...-7 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің басқа аумақтарында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді. Сондай-ақ елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Елімізде ауа температурасы күндіз төмендейді деп болжанды: термометр бағаны республиканың батысында - +18...+26°С, солтүстікте, шығыста - +5...+10°С, орталықта +. 7...+15°С, оңтүстікте +12…+20°С, таулы аймақтарда – +2…+10°С дейінгі аралықты көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164734-elimizde-aldagy-kunderi-qar-zhauyp-aiaz-boluy-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.