Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күнбағыс майы қауіпсіздік талаптарына сай емес: "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушыларға ескерту жасады

Жарияланған күні:

Күнбағыс майы
Көрнекі фото: pixabay.com

Күнбағыс майы – көп отбасының үстелі үстінен табылатын Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар өнім. Оның қолжетімділігі мен қауіпсіздігі – халықтың әл-ауқатының кепілі. Сондықтан "МОТҚҚҚ" ҚБ азаматтарды маңызды ақпаратпен қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты тұтыну өнімдеріне жан-жақты зерттеу жүргізумен белсенді айналысады.

2024 жылдың шілдесінде "МОТҚҚҚ" ҚБ үкіметтік емес ұйымының құқыққорғаушысы Талдықорған қаласындағы дүкендердің бірінен Корей Республикасында өндірілген өсімдік майын жасырын сатып алған. Өкінішке қарай, сатушы өнімнің сәйкестік сертификатын бере алмады. Бұл әлеуметтік маңызы бар өнім Жетісу облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ СЭБК) "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне кешенді тексеру үшін жіберілді.

Сараптама нәтижелері

Зертханада жүргізілген сараптама өсімдік майының азық-түлік өнімдеріне белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтінін көрсетті. 02.07.2024 ж. № 1428/4952/РO2402619, 04.07.2024 ж. № 137/4954/РO2400035 және 11.7.2024 ж. № 1155/4955/РO2400623 зерттеу хаттамалары Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011, "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 және "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттерінің талаптарына қатысты сәйкессіздіктерді анықтады: мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбаламаның болмауына байланысты азық-түлік өніміне қатысты ақпаратты толық көлемде бағалау мүмкін емес.

Оның қауіптілігі қандай? Мәселен:

1. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбаламаның болмауы: Бұл тұтынушыға өнімнің құрамы, жарамдылық мерзімі және өнімнің сақтау шарттары және т.б. сияқты негізгі көрсеткіштерді қоса алғанда, толық және сенімді ақпаратты алуға мүмкіндік бермейтін өрескел бұзушылық болып табылады.

2. КО нарығында бірыңғай айналым белгісінің (Еуразиялық сәйкестік) болмауы: бұл өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қатысты міндетті сынақтардан өтпегенін көрсетеді.

3. Қаптама талаптарын бұзу. Нашар қаптама майдың жарамдылық мерзіміне әсер етуі мүмкін, әсіресе, аймаққа тән ыстық ауа райы майды тотықтырып, оны тұтынуға жарамсыз етеді.

Бұл неліктен маңызды?

"МОТҚҚҚ" үкіметтік емес ұйымының құқыққорғаушылары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе, күнбағыс майы сияқты маңызды өнім үшін қажет екенін атап өтеді. Ұйымның өкілі Алия Алибекова: "Күнбағыс майы қазақ отбасыларының көпшілігінің рационының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Егер оның сапасы стандарттарға сай болмаса, бұл денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, дұрыс емес жағдайда сақталған май – қауіпті улы заттардың көзіне айналуы мүмкін".

Күнбағыс майы
Фото: Биятан Жанна

Тұтынушылар не істеуі керек?

1. Тауарлардың таңбалануын мұқият тексеріңіз, бұл жай ғана формальдылық емес. Қаптамада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі барлық қажетті ақпарат, сондай-ақ Еуразиялық сәйкестік белгісі бар екеніне көз жеткізіңіз.

2. Бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу сатушыға тауардың сапасын растайтын құжаттарды ұсынуды талап ете отырып, шағым жасаңыз.

3. Жауап беру уақыты: сатушы шағымға 10 күн ішінде жауап беруі керек. Жауап болмаса немесе қанағаттанарлықсыз деп шешсеңіз, бақылаушы органдарға немесе сотқа жүгініңіз.

4. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға хабарласу: өнімнің сапалы екеніне күдіктенсеңіз, өнімді сараптау үшін зертханаға хабарласуға болады.

Отбасыңыздың денсаулығы өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Өнімдерді ерекше ұқыптылықпен таңдап, сатушыдан ол туралы толық және сенімді ақпаратты талап етуден қорықпаңыз, бұл сіздің Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген өз құқығыңыз.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, "МОТҚҚҚ" қоғамдық ұйымы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ жарнама болып табылмайтын және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін басқа да ақпараттарды таратуға құқылы.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164872-kunbagys-maiy-qauipsizdik-talaptaryna-sai-emes-motqqq-qb-tutynushylarga-eskertu-zhasady/