jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысындағы ішімдіктен бас тартқан ауыл туралы не білеміз (видео)

Қарақұр ауылы
Қарақұр ауылы. Скриншот: youtube.com/@Turkistantv

Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Қарақұр ауылының тұрғындары ішімдіктен толықтай бас тартқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Turkistan TV телеарнасының Youtube-тегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, 350 отбасыдан тұратын Қарақұр ауылының дүкендерінде ішімдік мүлде сатылмайды. Ауыл ақсақалдарының бастамасымен Рамазан айында қолға алынған іс әлі де жалғасып жатыр. Қазір Қарақұрда қылмыс азайып, жастардың салауатты өмір салты мен спортқа қызығушылығы артқан.

"Ауылда 7 дүкен бар. Ораза айында дүкендерді аралап, "ішімдіксіз қоғам құрайық" деген насихат жүргіздік. Бір қуантарлығы, кәсіппен айналысып отырған бауырларымыз бізге қарсы келмей, салауатты өмір салтын ұстануға атсалысты", - деді "Бименді ата" мешітінің бас имамы Әбдуәлі Биқожаев.

Қарақұр ауылы аудан орталығы Шолаққорғаннан солтүстік-батысқа қарай 98 км жерде орналасқан. Елді-мекеннің атауы 1993 жылға дейін "Энгельс" болған. Кейіннен ауылдың қара құрғақ жерде орналасуына байланысты "Қарақұр атауы" берілген. Бүгінде мұнда 3000-нан аса адам тұрады.

Қарақұр ауылдық округінің әкімі Ғалым Бимендиевтің айтуынша, ауыл тұрғындары кәсіпкерлікпен және мал шаруышылығымен айналысады. Ауылда 17 шаруа қожалығы бар.

Түркістан облысындағы ішімдіктен бас тартқан ауыл туралы не білеміз (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.