jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Мектепте орамал тағуға қатысты тыйым алынғаны рас па: Жоғарғы сот өкілдері түсінік берді

Орамал таққан қыздар
Хиджабтағы қыздар. Көрнекі фото: pexels.com

Жоғарғы сот өкілдері БАҚ пен әлеуметік желідегі "мектепте орамал тағуға қатысты тыйым алынды" деген ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов желідегі парақшасында Жоғарғы соттың шешімімен мектепке орамалмен кіргізілмеген оқушылардың құқығы қорғалғанын хабарлаған еді. Осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде "Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты" деген ақпарат тарады. Алайда құзырлы орган бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған.

Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі.

Сонымен қатар бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған", - деп түсінідірілген Жоғарғы сот хабарламасында.

Құзырлы орган ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтті.

"Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады", - деді ведомство өкілдері.

Мектепте орамал тағуға қатысты тыйым алынғаны рас па: Жоғарғы сот өкілдері түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.