jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанға бұрыш пен бұршақ түрінде 195 мың қорап темекі заңсыз тасымалданбақ болған (фото)

Темекіні заңсыз тасымалдау
Темекі. Фото: telegram.org/kgdmfrk

Қазақ-қырғыз шекарасында "Қарасу" және "Айша бибі" өткізу пункттерінде 195 мыңға жуық темекіні заңсыз әкелу әрекеттері тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында Қазақстан-Қырғызстан шекарасында темекінің ірі партиясы ұсталғаны хабарланды. Бүгін, 26 қыркүйекте Мемлекеттік кірістер комитеті мен Шекара қызметінің қызметкерлері заңсыз жөнелтілімдерді ұстады.

"Қарасу" өткізу пунктінде темекі тауарға ілеспе құжаттар бойынша болгар бұрышын тасымалдаған рефрежератордан табылды.

Тексеру барысында "Oris", "Parlament", "Zumerret" маркалы жарияланбаған 180 мыңнан астам қорап темекі табылды.

"Айша бибі" өткізу пунктінде тауарға ілеспе құжаттар бойынша бұршақты тасымалдаған жүк автокөлігінде тексеру барысында жарияланбаған 15 мың қорап "Oris" темекісі анықталды.

Барлық темекі өнімдерінде акцизделетін өнім үшін көзделген сәйкестендіру құралдары жоқ. Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылатын болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.