Израильде, Иранда және Ливанда қанша қазақстандық бар: министрлік жауабы
Жарияланған күні:
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Таяу Шығыс елдерінде, атап айтқанда Израиль, Иран және Ливанда еліміздің қанша азаматы бар екені айтылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде құқықтары мен мүдделерін қорғау Сыртқы істер министрлігінің басты басты мәселесі екенін атап өтті.
"Біз отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз және кез келген жағдайда қолымыздан келгенше қолдау көрсетеміз, осыған байланысты кейінгі бірнеше айда Таяу Шығыстағы жағдай күрт нашарлап кеткен. Иран мен Ливан күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Осы елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарымен байланыс арналары құрылды. Олармен тұрақты байланыс орнатылып, белгілі бір елдегі жағдайдың өршуіне байланысты қажетті ұсыныстар беріледі.
Бірнеше рет елшіліктер әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елден кету қажеттілігі туралы хабарлады. Консулдық есепте тұрған азаматтардың тізімі тұрақты түрде жаңарып отырады. Мәселен бүгінде Израильдегі консулдықта 120 адам, Иранда 102, Ливанда дипломаттар мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда 139 Қазақстан Республикасының азаматы тіркелген", - деді Смадияров.
Еске салайық, 1 қазанда кешке Иран Израиль аумағына жүздеген зымыран ұшырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168833-izrailde-iranda-zhane-livanda-qansha-qazaqstandyq-bar-ministrlik-zhauaby/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.