Таяу Шығыстағы қазақстандықтар эвакуациялана ма: министрлік өкілдері жауап берді
Жарияланған күні:
Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ресми өкіл Айбек Смадияров қазақстандықтардың Израильден, Ираннан және Ливаннан эвакуацияланатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп репатриациялық рейстерді пысықтау үшін ахуалға бақылау жүргізуде. Сонымен қатар, Израиль халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді, Иранда барлық рейстер 3 қазан таңына дейін тоқтатылды.
Оның үстіне ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін 100-ден астам шетелдік елшіліктердің ешқайсысы өз азаматтарын эвакуациялаған жоқ. Осыған байланысты Ливан билігі тарапынан тиісті бұйрық болған жоқ, сондықтан біздің азаматтарды эвакуациялау мәселесі әлі пысықталуда және Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деді Айбек Смадияров.
Сондай-ақ ол бұл елдерде 6 қазанда өтетін атом электр станциясына қатысты референдумға қазақстандықтар үшін сайлау учаскелерінің жұмысы тоқтатылғанын қосты.
"Күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп Израиль, Иран және Ливандағы референдум бойынша учаскенің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады", - деп толықтырды Смадияров.
Сыртқы істер министрілігі рейсті өтеу кезінде қазақстандықтарды эвакуациялау кезінде консулдық есепте тұрмаған азаматтар пайда болып, оларды өздерімен бірге алып кетулерін сұрайтынын атап өтті.
"Егер эвакуациялау жоспарланса, біз консулдық есепте кім тұрғанын тізімдейміз. Борт келгеннен кейін бұған дейін төбе көрсетпеген азаматтарымыз пайда бола бастайды. "Бізді алып кетіңіз" (деп - ред.ескертпесі) Тізімдер шекаралық бақылау арқылы елдің билігімен келісіледі, мұның бәрі қарапайым процесс емес.
Сондықтан біз осы елдердегі азаматтарымызға өтініш білдіреміз. Бүгін елшіліктерге хабарласып, жоспарларыңызды хабарлаңыз. Осы елдерде қаласыздар ма не елдерден кетуге ниеттісіз бе. Біз барлық ақпаратты білуіміз керек, өйткені жағдай сағат сайын өзгеріп отырады", - деп қосты Смадияров.
Оның айтуынша, шекаралар ашылып, ұшақтар ұшып жатқанда, қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасыларын аталған елдерден эвакуациялау мәселесі көтерілмейді. Егер жағдай нашарласа, мұндай шешім қабылдануы мүмкін.
Еске салсақ, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты мәлімдеме жасады.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Таяу Шығыс елдерінде, атап айтқанда Израиль, Иран және Ливанда еліміздің қанша азаматы бар екені айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168838-taiau-shygystagy-qazaqstandyqtar-evakuatsiialana-ma-ministrlik-okilderi-zhauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.