jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

"Шетелдіктер таңғалған шығар": ағылшынша еркін сөйлейтін Ясауи кесенесінің күзетшісі елді тәнті етті (видео)

Ағылшынша жетік сөйлейтін күзетші
Ағылшынша жетік сөйлейтін күзетші. Скриншот: tiktok.com/@maha.tkd

Желіде ағылшын тілін жетік білетін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі күзетшісінің видеосы тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

TikTok желісінде жарияланған видеодан күзетші ер азамат кесене ішінде шетелдіктермен ағылшынша еркін сөйлесіп тұрғанын көруге болады.

"Білім бар, таныс жоқ деген осы", - делінген видеоның сипаттамасында.

Желі қолданушылары видеодағы ер адам күзетші емес, мұғалім, аудармашы немесе гид болып жұмыс істеуге лайық екенін жазды.

"Күзетші ағылшынша сөйлеп тұрғанын көрген шетелдіктер таңғалған шығар", "Бауырымыз күзетші болып қор болып жүр екен, ағылшын мұғалімі болса болар еді", "Мүмкін қосымша жұмысы шығар. Небір жұмыс таңдамайтын пысық ер азаматтар бар ғой", "Бізде ағылшын тілі мұғалімдері осы сияқты сөйлей алмайтын шығар", "Бұл кісіні көргенмін, кесененің айналасында жүреді. Өте білімді бүкіл туристерге түсіндіріп жүреді", "Осы видеодан кейін ағамыздың бағы жанып кетсін", "Әр қазағым осындай жанжақты, білімге бай болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынған еді. Кесене ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген алғашқы қазақстандық нысан және ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіштеріне жатады.

"Шетелдіктер таңғалған шығар": ағылшынша еркін сөйлейтін Ясауи кесенесінің күзетшісі елді тәнті етті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.