"Көп нәрсені ойландым": судья Құлбаева Бишімбаев ісі оған қалай әсер еткенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада өткен судьялардың ХІ съезінде судья Айжан Құлбаева бұрынғы ұлттық экономиканың министрі Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Айжан Құлбаева бұл процесс оны тәртіпке бағындырғанын, кемшіліктерін көрсеткенін айтты.
"Адам ретінде мен көп нәрсені ойландым", - деді ол.
Судья болу үшін қандай қасиеттер қажет деген сұраққа жауап берген Құлбаева күйзеліске төзімділік, табандылық, ұсақ-түйекті есте сақтау қабілеті қажет екенін айтты.
"Өзіңізді ұстай білуіңіз керек... Оның үстіне бүгінгі таңда Судья әдебі кодексінде судья жұмыста да, жұмыстан тыс жерде де өзін-өзі тиісті деңгейде ұстауы керектігі жазылған. Судья 24 сағат бойы судья болып қалады", - деді Құлбаева.
Ол психологиялық кітаптар оқитынын да атап өтті.
"Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекс, заңнаманың нормаларды оқумен қатар, дұрыс қарым-қатынас жасау, деңгейді көтеру үшін психологиялық кітаптарды оқимын. Бұл жұмыста да, өмірде де кездесетін жағдайларды терең түсінуге көмектеседі", - деді судья.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды.Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды. Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.13 мамырда сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алқабилер алқасының үкімімен:
- Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
- Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті. 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды. Сот отырысы сол күні аяқталды, судья бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169993-kop-narseni-oilandym-sudia-qulbaeva-bishimbaev-isi-ogan-qalai-aser-etkenin-aitty/