Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың жарының өлімі: іс қай бап бойынша тергеліп жатқаны белгілі болды

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: primeminister.kz

Елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты іс "Адам өлтiру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті ресми Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомство хабарына қарағанда, елордадағы мейрамханалардың бірінде көз жұмған әйелдің ісі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша тергеліп жатыр.

"Елордалық полиция департаменті Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тиісті тергеу жұмыстарын жүргізуде", - деп жазылған Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, кеше, 9 қарашада бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада ұсталғанын хабарлады. Экс-министр елордалық мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп ұрып-соққаны айтылды.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел қаза тауып, жарақат алғанын растады. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда полицейлер бұл іске қатысы бар адамдардың есімін атамаған. Бишімбаев ұсталғанын бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

Ал бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тарағанын жазған едік.

Сондай-ақ бүгін, 10 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жұбайы Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі 11 қарашада таңертең Павлодарда өтетіні хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045184-bisimbaevtyn-isi-qai-bap-boiynsa-tergelip-zatqany-belgili-boldy/

pixel